Choose the right journal for your research

Kazakh

Ойланыңыз  Тексеріңіз  Жіберіңіз

Сіз зерттеулеріңіз үшін дұрыс журналды таңдаңыз

Зерттеу нәтижелерін әлеммен бөлісу сіздің ғылыми пәніңіз бен мансабыңыздың дамуына өте маңызды. Көптеген басылымдар ішінде белгілі бір журналға қалай сенім артуға болады? Өз зерттеулеріңізді жіберетін сенімді журналдарды таңдап, тексеру үшін төмендегі журналдар тізімін қарап шығыңыз.

KZthink

Өз зерттеуіңізді сенімді баспаға жібергеніңізге сенімдісіз бе?

Журнал сіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес пе?

  • Әлемде басылымдар саны өсіп келеді
  • Жаңа журналдар апта сайын шығып жатыр
  • Алаяқ журналдар мен алданған авторлар туралы әңгімелердің көбейді
  • Басылымға жіберу кезінде автор үшін нұсқаулықты табудың қиындығы

Сіз таңдаған журналдың сіздің зерттеуіңізге арналған дұрыс журналы екендігіне қалай сенімді бола аласыз?

KZcheck

Осы тізіммен басылымға таңдап алынған журналды тексеріңіз.

  • Сіз немесе сіздің әріптестеріңіз осы журналды біледі ме?
    – Бұрын осы журналдағы мақалаларды оқыдыңыз ба?
    – Осы журналдың соңғы шығарылымын табу оңай ма?
  • Баспагер туралы ақпаратты табу және оларға хабарласу оңай ма?
    – Жариялаушының аты журналдың веб-сайтында анық көрсетіле ме?
    – Баспагерге телефон, электрондық пошта және пошта арқылы хабарласа аласыз ба?
  • Пайдаланып отырған сараптамалық бағалау әдісімен таныссыз ба?
  • Мақалалар сіз пайдаланатын индекстелген қызметтерге қосылған ба?
  • Қандай ақы алынатыны анық айтылған ба?
    – Журналдың веб-сайтында ақшаны не үшін және қашан төлеу туралы ақпарат бар ма?
  • Сіз редакция қазылар алқасын танисыз ба?
    – Редакция алқасының мүшелері туралы естідіңіз бе?
    – Редакциялық кеңес бұл журналды өз веб-сайттарында айтады ма?
  • Баспасөз танылған салалық бастаманың мүшесі ме?
    – Олар Жарияланымдар Журнал ашық желіде болса Этика Комитетінің мүшелері ме (COPE)?
    – Directory of Open Access Journals (DOAJ) тізімінде көрсетілген бе?
    – Егер журнал ашық желіде болса, Ашық қолжетімділік Ғалымдар Ассоциациясына (OASPA) тиесілі баспагер ме?
    – Журнал INASP Journals Online платформаларында (Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Орталық Америка және Моңғолияда басылған журналдарға) немесе Африкалық Журналдар Онлайн журналында (AJOL, африкалық журналдар үшін) орналастырылған ба?
    – Баспа басқа сауда қауымдастығының мүшесі ме?

 

KZsub

Егер Сіз тізімдегі сұрақтардың көбіне немесе барлығына «иә» деп жауап берсеңіз.

  • Егер Сіз сұрақтардың көбіне немесе барлығына «иә» деп жауап берген жағдайда ғана мақалаңызды жіберіңіз.
  • Таңдалған журналдың ғылыми профилі сізге және әріптестеріңізге сәйкес  екеніне көз жеткізіңіз, сізге сілтеме жасалып, сіздің беделіңіз жоғарлайтынына сенімді болуыңыз керек.
  • Сіздің мақалаңыз үшін дұрыс журналда басылу, сіздің кәсіби профиліңізді жақсартады және сіздің мансабыңыздың өсуіне көмектеседі.
  • Сіздің мақалаңыз индекстеліп, мұрағатталып және оңай танылуы тиіс.
  • Жұмысыңызды редакциялау және тексеру кезінде редакцияның тәжірибесі бар екеніне көз жеткізуіңіз керек.
  • Тек осыдан кейін сіз мақалаңызды жібере аласыз.

Many thanks to Nazarbayev University Library, Republic of Kazakhstan for this translation.